Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

М.Горький атындағы N°12 жалпы орта білім беретін мектебінде дәріс өтті.
✅10.09.2024 ж. Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің ұйымдастыруымен, «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында, М.Горький атындағы N°12 жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.
👩🏻‍🏫Маман жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу амалдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
📑Мақаланың авторы: ЖИТС орталығының маманы Н.Жургенбаева

                    АИТВ-инфекцияны контакттан кейінгі алдын алу шаралары.  

         Контакттан кейінгі алдын алу шаралары - жұмыс барысында мүмкін болған жұқтыру қауіпін төмендету мақсатымен, қабылданатын антиретровирустық дәрі - дәрмектердің қысқа курсы.                                                                                                                                                                     

        АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) - инфекцияны жұмыс барысында жұқтыру қауіпі келесі контактта болу мүмкін:

 -         терінің бүлiнуi (инемен немесе үшкір медициналық инструментпен жарақат алу);

-          биологиялық сұйықтарды бүлiнген тері немесе шырышты қабыққа тигізу;

-          бүлінбеген терімен биологиялық сұйықтар, қан, тіндермен ұзақ уақыт бойы контактта болғанда. 

       Контакттан кейінгі алдын алу шаралары дегеніміз не?

       Алдын алу шаралары АИТВ-ны жұқтыру қауіпін төмендетуге бағытталған. Яғни, антиретровирустық (АРТ) дәрі - дәрмектерді қабылдау. Бұл дәрі - дәрмектер қауіпті қатынастан кейін неғұрлым ерте қабылдаса, соғұрлым АИТВ-инфекциясын жұқтыру қауіпі төмен болады. Дәрілер алғашқы 24-36 сағатта қабылданады, 72 сағаттан кешіктірмеу қажет және емдеу курсы 4 аптаға созылады.  Себебі 72 сағаттан кейін дәрінің әсері болмайды. Бұл дәрі - дәрмектер ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында тек дәрігердің рұқсатымен беріледі.  

        Контакттан кейінгі алдын алу шаралары кімге ұсынылады?

  1. Медицина қызметкерлері (хирургиялық оталарда, анализ алу, оны талдау және т.б.с.с барысында жарақат алса);
  2. Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау қызметкерлері; полиция, түзету мекемелері, құтқарушы бригада, қан және басқа биологиялық сұйықтықтармен жұмыс барысында төтенше жағдайға тап болғанда;
  3. Дискордантты қатынаста тұратын серіктестерге. (Дискордантты- серіктестердің біреуі АИТВ-инфекциясына шалдыққан, біреуі шалдықпаған);
  4. Зорлық зомбылыққа шалдыққан тұлға. Егер жыныстық қатынас зорлау барысында жүзеге асса, онда зардап шеккен тұлғаға жоғарыда көрсетілген схема бойынша қатынастан кейінгі алдын алу шараларында ұсынылады..

       Жұмыс барысында қауіпті контакт болғанда, келесі іс-әрекеттерді жасау қажет:

  • қан және басқа биологиялық сұйықтармен контакттан кейін дереу бүлінген теріні суастында сабынмен, ал бүлінген шырышты қабықтарды таза сумен жуу қажет;

-  егерде контактта болған пациент АИТВ-инфекциясына шалдыққан болса, онда контакттан кейінгі алдын алу шараларын өткізу керек.

 

                                   Г. Бердиева Шымкент қ. ЖИТС орталығының дәрігері 

 

АИТВ-сыз өмір сүреміз!

        Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ)  - адамнан адамға ғана жұғатын инфекция. Халықтың көпшілігі бұл жұқпадан негізсіз қорқады сондай-ақ осы ауруға және ауруды тасымалдаушыларға қырын қараудың салдарынан не «ұят» санағандықтан тексерілуге, кеңес алуға тартылады. Алайда АИТВ жайлы білу, дертті алдын алуға көмектеседі.  АИТВ-ны жұқтырудың негізгі жолдары – бұл мүшеқапсыз (қорғалмаған) жыныстық қатынас, инъекциялық есірткіні пайдалану кезінде бір реттік шприцті ортақ пайдалану және АИТВ жұқтырған анадан балаға (жүктілік уақытында, босану кезінде және емшек сүті арқылы жұғуы мүмкін) жұғатынын көпшілік біле бермейді. Статистика көрсеткендей, біздің елде соңғы екі жұғу жолы сирек кездеседі. Ал инфекцияның жыныстық жолмен жұғуы 80%-ды құрайды.

       Қазір вирусты анықталмайтын деңгейге дейін басатын антиретровирустық терапия (АРВ) бар. АРВ-ның негізгі мақсаты  – ағзадағы вирустың көбеюін тоқтату, иммундық жүйенің күйін қалпына келтіру, АИТВ - жұқтырған адамның өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру.

      Терапияны қабылдау көп жағдайда адамды АИТВ-ның 4-ші сатысынан сақтайды. Қандағы және тіндердегі вирустардың саны күрт азайғандықтан, қорғалмаған жыныстық қатынастың қауіптілігі азаяды, демек балалы болу мүмкіндігі артады. Бұл – емдеу тиімділігінің ең сенімді көрсеткіші және сырқаттанушылықты төмендету жолындағы жетістік.

         АИТВ-ны жұқтырған - жұқтырмағаныңызды анықтау үшін Шымкент қаласы ЖИТС орталығына немесе өзіңіз тіркелген емханаңыздың зертханасында анонимді түрде қан тапсыруыңызға болады. Дертке шалдыққандар Шымкент қаласы ЖИТС орталығында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көмек шеңберінде  «АҚЫСЫЗ» емделеді.

       АИТВ-ға тест тапсырыңыз, АИТВ-мәртебеңізді біліңіз және нәтиже қандай болса да денсаулығыңызды сақтаңыз!

                          Ертаев А.С., Шымкент қ. ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері