05.09.2024ж. Шымкент қаласында «Репродуктивті денсаулық» атты апталығына орай М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің аллеясында Қалалық «Жастар Денсаулық орталықтары» және ЖИТС орталығы маманарының қатысуымен ауқымды «Ашық есік күні» акциясы өткізілді Іс шараның мақсаты — азаматтардың репродуктивті денсаулығын қорғап, салауатты өмір салтын насихаттау. Аталмыш апталық аясында Шымкент қаласының «Жастар Денсаулық орталықтарымен» бірлесе отырып, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің аллеясында «Ашық есік күні» акциясы өткізді. Науқан барысында Шымкент қаласы ЖИТС орталығының мамандары АИТВ инфекциясын алдын алу және наша тұтыну мәселелері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Науқанға келушілерге және жастарға тест-жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ инфекциясын жедел анықтау жүргізді. Халықтың арасында ақпараттық парақшалар таратты. Әрбір науқанға қатысушысы репродуктивті денсаулық туралы мамандардан сенімді ақпарат алып, тексеруден өте алды. Автор: Абдиева Ф. Эпидемиолог дәрігері

















