Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

03.05.19ж             №127 жалпы орта мектеп ұжымына МӘСМ бойынша мәлімет     берілді.

        «Денсаулық–зор байлық» дейді халқымыз. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары – мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, медициналық және биологиялық (физиологиялық) проблема. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы міндетті медициналық сақтандыру жүйесін 2020 жылы іске қосуды мақсат етуде. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанға заманмен қатар жүруге, сондай-ақ сақтандыру нарығын одан әрі дамытуды ынталандыруға көмектеседі.  Өйткені, әлемнің дамыған мемлекеттерінде медициналық сақтандыру қолданылатыны және өмірдің негізгі бөлігі болып табылатынын көпшілік біледі.

          Осы мәліметті  хабарландыру мақсатында №127 жалпы орта мектеп ұжымына  ЖИТС орталығының маманы Жүргенбаева Н.М. МӘСМ бойынша түсінік берді. Кездесу барысында: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) дегеніміз не?, МӘМС ендірудің қажеттілігі неде?, МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді?, МӘМС енгізудің халыққа берер пайдасы қандай? және т.б. сұрақтарға тоқталды.

 

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы