25 қазан Республика күніне орай Шымкент қаласының дәрігерлері марапатталды
25 қазан Республика күні мерекесіне орай Шымкен қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Асылбеков денсаулық сақтау саласында жемісті еңбектері мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін дәрігерлерді дәріптеді.
Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің статистік дәрігері М.Г.Моисеева Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгімен марапатталды.
Құрметті Марина Геннадьевна, Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді білікті маман, ақжүрек азаматша ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізге тілектеспіз!
Құрнметпен: ЖИТС орталығының ұжымы


















