«Ренессанс-Шымкент» және «Ренессанс Premium» реабилитациялық орталығында семинар және АИТВ-инфекциясына экспресс тестілеу өтті.
Кездесу барысында «ЖИТС-тың алдын-алу және онымен күрес орталығының» мамандары реабилитациялық орталықтардың науқастарына АИТВ-жұқпасы және вирусты гепатиттер жайлы негізгі ақпарат беріп, олардың жұғу және алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластату жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинардан соң реабилитациялық орталықтың науқастары ерікті түрде, анонимді және конфинденциалды негізде АИТВ-ға экпресс тестілеу жүргізілді.
ЖИТС орталығының мамандары: А.Медетова, А.Гулиев, Г.Елемесова, С.Молдахан


















