04.04.2024.ж Шымкент қаласының ЖИТС орталығы «Ағаш егу» акциясын өткізді
🍃 Акцияның мақсаты – тұрғындарды эко-саналы өмір сүруге және табиғатты қорғауға үндеу. Орталықтың бас дәрігері ағаш егу рәсіміне қатысып, экологиялық науқанға атсалысты.
🌲 Осы акция аясында орталықтың еңбегі сіңген, құрметті қызметкерлері қарағай көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.




















