2022 жылдың 15 маусым күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығы және Қалалық ЖИТС орталығының мамандары «Индустриалды-техникалық колледж»  студенттеріне семинар мен квест ұйымдастырды. Қатысушылар  АИТВ-ға  шалдығу  қаупі  төнген  адамның өмірлік  тәжірибесін  көрме  ішімен  15  минутта  интерактивтік серуендеу  арқылы  бастан  кешті. 
Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын-алу   жолдарын,  онымен  байланысты  стереотиптер  жайлы,  АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаға  үйрету ойындары мен талқылаулар кірді.





 
							



 
	


 
							 
							 
							






